Мұздарды да ерітіп көл етті кітап,
Ақыл беріп ойыма нұр екті кітап.
Жақсы сөзбен көңілге ем берді кітап,
Оқығанда ой-санамды меңгерді кітап.
Жақұт сияқты әр сөзі қымбат қой маған,
Оқып ұқсаң, әр сөзі шипа ғой саған.
Бойға сіңір, ойды өсір, құмарлан оған,
Келешекке жеткізер сиқырлы ғалам.
Абдулла Рүстемов