Тұйыққа келіп,
Тіреліп тұрмын бір түрлі.
Көзімнің нұры — көңілімде қалды іркулі.
Жылай да алмаймын, күле де алмаймын,
О, досым!
Тауып әкелші ұмыт қалдырған күлкімді.
Өзімнен қорқам,
Өлтірген өзімді өзім ғой…
Басымда ми жоқ,
Тиянақ таппай кезуде ой.
О, досым менің!
Күлкімді тауып әкелші,
Сүретін өмір, күлетін нағыз кезім ғой…
Мұқағали Мақатаев