Егін салдым,
Мал бақтым,
Тас қаладым,
Сағынам да,
Жұртты да басқарамын.
Жалығам да,
Жабырқап, пәс қаламын.
Жырды бірақ,
Жырды мен тастадым,
Жырдан бөлек қалмады басқа амалым.
Аласартты тағдырым, биіктетті — Бәрі өткінші.
Қуаныш, күйік те өтті.
Екіталай кезеңде еңсем бұққан
Күйсандыққа саусағым тиіп кетті.
Күйсандықтан күңіреніп үн шығады,
Күй аңсаған қу көңіл тыншығады.
Қарғып шығып кетердей аласұрып,
Тұтқын жүрек кеудемде тұншығады!
Мұқағали Мақатаев