Біздің үйге көктем келді, қыз келді,
Қызығың да, тамашаң да бізде енді.
Неғып жатыр, Әнуар, — шұжық, балқаймақ,
Нөкерімен шауып кетпей біздерді…
Біздің үйге Шолпан келді, Шолпаным!
Шолпым менің…
Қызыққа енді шолпамын.
Мінезіңнен…
Мінезіңнен қорқамын,
Лашынға тартқан-ау деп жортамын.
Қызым менің — күлкім менің, сауығым,
Базарым да, бауырым да, ауылым.
Қандай ғажап, қарақаттай көзіңде.
Қарап тұрған мен өзімді таныдым!
Мұқағали Мақатаев