Аза бойы қаза болу
Арқасы мұздап қоя беру
Асауға құрық салғандай шыңғыру*/қатты қорыққанда/
Екі көзі атыздай болу
Есі кету*(кейде қуаныштан)
Жаны қара бақайына кету
Жаны көзіне көріну
Жаны түршігу
Жаны тырнағының (мұрнының) ұшына келу
Жүрегі бүлк //солқ// ету
Жүрегі зырқ ете қалу
Жүрегі мұздап //суып// қоя беру
Жүрегі өрекпу //суылдау
Жүрегі тас төбесіне шығу
Зәре -құты қалмау
Зәре жоқ
Зәрезап болу
Зәресі //ұшу// кету //қалмау
Зәресі зәр түбіне кету
Зәресі қалпақтай болу
Зәресін алып, құтын қашыру
Иманы /ғасыл/ қасым болу
Иманы ұшу
Көзі алақандай //атыздай// болу
Көзі шарасынан шығу
Көзіне қос көріну
Қойнына жылан салып жібергендей
Қол-аяғы дірілдеу (қалтырап кету)
Селк ету /шошу /
Су жүрек
Тұла бойы //түршігу//, //шымырлау//, //тітіркену//,сескену
Төбе құйқасы шымырлау
Төбе шашы тік тұру
Тілі байлану
Тілі таңдайына жабысып қалу
Тісі тісіне тимеу*(қатты тоңу)
Өлердей қорқу
Үрейі ұшу
Шыбын жаны шыға жаздау