Ақпараттық технологиялар (Информационные техноогии) – бұл білімділік ақпаратты сақтау мен өңдеуді, оны білім алушыларға жеткізуді, студенттің оқушымен немесе педагогтың бағдарамалық құралдармен интерактивті өзара әрекетін, сондай-ақ студенттердің білімдерін тестілеуді қамтамасыз ететін компьютерлік техниканы пайдалануға негізделген аппараттық-бағдарламалық құралдар. Техникалық және әлеуметтік үдерістерді басқару бойынша адамдардың білімін кеңейтетін және олардың мүмкіндіктерін дамытатын ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, жеткізі және ұсыну әдістері мен құралдарының жиынтығы; бұл – адамдар қатысатын әрекеттер мен қалыпты процедуралардың, есептеуіш машиналардың және обьектілер немесе ақпаратты берілген формада ұсыну және өңдеу үдерістері туралы мәліметтердің жиынтығы.