Қайнар Алагөзов
Мен ешкімге ештеңе деген жоқпын,
Керілдесе біреулер керең боппын.
Же дегеннің тамағын тауысып жеп,
Жеме деген нəрсесін жеген жоқпын.
Əңгімеге келгенде əл бермедім,
Естімеген бір əзіл əр келгенім.
Тілмен шағып отырса біреу мені,
Маса шағып отыр деп мəн бермедім.
Бəленшемін,түгенмін,солмыз дедім,
Танысуға қолайлы қолды іздедім
Соққыдан қорғанатын амал емес,
Қорғанудан қорғайтын жолды іздедім
Халықтыкі айтеуір жаткан сақтық.
Қауіп жоқтай ажалдан сақтансақ түк.
Күштіңде бар күш-қайрат менде де бар.
Төбелесу меніңше, мақтаншақтық
Қорықпаған кезім жоқ,не қорыққан,
Қай жерің бар бауырым,мен ауыртқан?
Жігіт сыннан сүрінбей өту үшін,
Сынбаса болмайма не бел-омыртқан?
Керілдейсің,бір метр шегінбейсің,
Таяқ түгілі,тағдырдан темір жейсің.
Аз білетін адамдар көп сөйлейді,
Үндемесең ешкімнен жеңілмейсің…