ӘСКЕР

ӘСКЕР(араб.әскәр; парс.      ләшкөр — сарбаз, жауынгер, жасақ, қол) — мемлекеттің Қарулы Күші, армия немесе оның бөлігі (қ. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері).Қазақ халқында Ә-дің түріне, құрамына және ерекшелігіне байланыстыатты әскер, жаяу әскер, ондық, жүздік, мыңдық, түмен, жасақ, қосын, қол, лек, аламан, оң қанат, сол қанат, шеру, сап, шеп,т.б. дәстүрлі әскери атаулар қолданылған. Сондай-ақ Ә-дің сарбаз, жауынгер мағынасындағыбатыр (баһадүр),аламан, сыпай(сипаһ), шора, шерік, жасауыл, сарбаз, жауынгер,т.б. жарыспалы атаулары болған.Ал дәстүрлі әскерилауазымдаронбасы, жүзбасы, жүзбегі, мыңбасы, мыңбегі, түменбасы, түменбегі, аға (аға батыр),тархан, қолбасы, батырбасы, сардар, бек, беглербегі, әмір, әмір-әл-умара,т.б. деп аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *