ӘСЕМПАЗДЫҚ — кербездік, сәнқойлық. Адам бойындағы мұндай қылық әсемдіктің сыртқы нышанын қастерлеп, оның ішкі мазмұнына көп мән бермеуден пайда болады. Әсемпаздыққа бой ұрған адамдар көрсеқызарлыққа, мәнсіз сәнқойлыққа, әсіреқызыл түршілдікке құмар болады. “Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң, арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан” деген Абайдың ұлағатты сөзі ең алдымен, осы әсемпаздықтың зиянын аңғартады. Әсемпаздықтың мәні өмір ағымына байланысты өзгеріп отырады.