ӘРЕКЕТ

ӘРЕКЕТ (араб. харакет, амал, тәсіл) — адамның, кейде әлеуметтік топтың әлдебір істі атқаруға белсене кірісуі. Ә. қажеттіліктен, талпыныстан және мақсатқа жетуге керекті б і л і к т і л і к пен т ә ж і рибелік дағдылардан құралады. Адамды Ә-ке ұмтылдыратын негізгі күш — ниет. Ә-тің сыр-сипатын дұрыс түсіну үшін ниетті мақсаттан ажырата білу керек. Мақсат дегеніміз — Ә. арқылы әлдебір нәтижеге жету болса, ал ниет сол нәтижеге жетуге итермелейтін күш. Сондықтан Ә-ке баға беру ниеттің сипатын айқындаудан басталады, яки, ниет кез келген Ә. сырын ашудың «кілті» болып саналады. Демек, Ә. қажеттіліктен, тек ниеттен ғана құралмайды. Ә. кезінде адам мақсатқа жетудің әр алуан құралдары мен мәліметтерді пайдаланып, түрлі амал-тәсілдер (есептер, т.б.) қолданады. Бұларды игере білу үшін Ә. ету барысында қалыптасатын біліктілікті, кәсіби дағды мен шеберлікті иелену басты шарт. Жалпы, адам табиғатына тән Ә-тің үш — ойын, оқу-іздену, еңбек түрі бар. Құқықтағы Ә. — адамның өз қалауымен, яки еркімен жасалған іс. Құқыққа сәйкес келетініне немесе келмейтініне байланысты ол заңға сыйымды немесе заңға сыйымсыз болып бөлінеді. Заңға сыйымсыз Ә- тер теріс қылық, тәртіп бұзушылық дерегі ретінде бағаланады. Т е а т р д а : Ә. — (музыкадағы дыбыс, кескіндеудегі бояу, көркем әдебиеттегі — сөз сияқты) актерлік өнердегі ойды жеткізу құралы. Спектакль (репетиция, концерт) кезінде актер жасайтын Ә-тер арқылы сахналық образ сомдалады. Рөлді орындаушы актердің жан толғанысы да Ә. арқылы жетеді. Әрбір Ә. оның мақсатына байланысты болады, адамның ішкі психол-лық әлеміндегі процестерді дене қимылы, кез келген бұлшық ет қозғалысы арқылы аңғартады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *