ӘНҰРАН гимн

ӘНҰРАН гимн (грек. һуmnоs — мадақтау ән) — салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Әнұрандардың рев., әскери, діни, т.б. түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек. Кейбір күрделі опера, балет, симфония, хорлар соңы әнұран сипатында аяқталады. Мыс., Л. Бетховен өзінің 9-симфониясын И. Шиллердің “Шаттық” одасына арнап жазған әнұранымен аяқтаса, орыс композиторы М. Глинка “Иван Сусанин” операсын атақты “Даңқ” хорымен бітіреді. Кеңестік дәуірде 1945 ж. бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылды. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары: М. Төлебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловский. Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *