ӘЛІМ Нарботаұлы, С а қ ы п қыран (т.ж.б. — 1809) — Қоқан ханы (1800 — 09). Әкесі өлгеннен кейін таққа отырды. Қаталдығы мен зымияндығына байланысты залым хан атанған. Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен халық 18 ғ-да Қоқан хандығына шоғырлана бастады. Ә. бытыраңқы елден бір орталыққа бағындырылған мемл. құруға күш салды. Оған көршілерінің өзара қырқысуы мен жоңғар шапкыншылығынан әлсіреуі де себеп болды. Бұл кезде Қазақ елі бірнеше хандыққа бөлініп, Кіші жүз бен Орта жүз Ресей бодандығына мойынсұнды. Ұлы жүз оқшау қалды. Осыны пайдаланған Ә.Ташкентті, Шымкентті, Ходжентті, Сайрамды, олардың төңірегіндегі жерлерді басып алып, халықты қырғынғы ұшыратты. Ақырында халық наразылығын пайдаланған қарсыластары Ә.ханды төңірегіндегілермен қоа өлім жазасына кесті.