ӘЛІМҚҰЛОВ Тәкен (Тәңірберген) (22.11.1918, қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Созақ ауд. Бабаата а. — 13.4. 1987, Алматы) — ақын, жазушы, әдебиет сыншысы. Мәскеудегі Әдебиет ин-тын бітірген (1953). 1936 — 41 ж. Шымкент қорғасын з-тында, 1941 — 45 ж. Донецк обл-нда жұмыс істеді. 1945 — 49 ж. “Оңтүстік Қазақстан” газетінде жауапты хатшы, “Лениншіл жас” газетінде бөлім меңгерушісі, 1956 — 74 ж. КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974 жылдан шығармашылық жұмыста болды. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы “Сапар” 1950 ж. жарық көрді. “Жазғы жаңбыр” (1964), “Боз жорға” (1969), “Қаратау өрнектері” (1980) өлендер мен поэмалар, “Сейтек сарыны” (1966), “Туған ауылда” (1968), “Күрең өзен” (1971), “Кертолғау” (1973, 1990), “Шежірелі сахара” (1976), “Көкек айы” (1982) әңгімелер мен повестер жинағы, “Ақбоз ат” (1962), “Тұлпардың тағдыры” (1975), “Ел мен жер” (1978), “Замана екпіні” (1982) романдары шықты. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы: ауыл тіршілігі, адам тағдыры, өнер қайраткерлерінің өмірі, ер қанаты — аттың сипаты. Абай Құнанбаев туралы “Жұмбақ жан” (1978) зерттеу еңбегін жазды, “Өткен мен қазіргі” (1958), “Ақбоз ат” (1968), “Көкқаршыға” (1972), “Бар өмір алда” (1974), “Сырлы наз” (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрді. М.Ю. Лермонтовтың “Измаил бей” поэмасын (1951), П. Павленконың “Бақыт” (1950), Г. Николаеваның “Орақ үстінде” (1952) романдарын, Э. Сент- Экзюперидің “Кішкентай шаһзада” ертегісін, сондай- ақ А.С. Пушкиннің, В.В. Маяковскийдің