ӘЛІМҚҰЛОВ Мәлік (1978 ж.т., Қаратау) — спортшы, халықар. дәрежедегі спорт шебері (1996), Әлем чемпионатының жеңіл салмақ дәрежесіндегі (60 кг) күміс жүлдегері (Минск, 1996). Кір көтеру спортымен 1989 жылдан бастап айналысты. 1990 ж. өткен Қазақстан біріншілігінде алғаш көзге түсті. Жаттықтырушысы — Филикиди П.П.