ӘЛИТАУ

ӘЛИТАУ — Мұғалжар тауының оңт. сілемдерінің бірі, Ақтөбе обл-ның Байғанин ауд. жерінде орналасқан. Ұз. 5 км, ені 3 км, абс. биікт. 354 м. Етегінің жер бедері жыралы сайлы келеді. Бор-палеоген кезеңдерінің бор-мергельді және құмдақты-саздақты шөгінділерінен түзілген. Сортаң келген топырағында тасбұйырғын, боз жусан, баялыш, күйреуік сияқты жусанды-сораңды өсімдіктер өседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *