ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢІСТІК -1)қандай да бір өзара ықпалдастық жағдайында орналасқан әлеуметтік топтар, индивидтер, объектілер мәндері жиынтығын білдіретін әлеуметтік қызмет алаңы. 2)индивидтің немесе топтың қоғамдағы өз орны туралы түсінігі. Әлеуметтік кеңістік адамның өмір суретін, табиғи және әлеуметтенген ортасы, табиғи ортаны игеру барысында адамдар, әлеуметтік топтар өзара қарым-қатынаста болады. Олардың іс-әрекеттері әлеуметтік кеңістікті ретке келтіруге, ұлғайтуға бағытталған. Қоршаған ортаны игеру табиғатқа зиян әкелмеуі тиіс. Егер қоғам қызметі табиғатқа зардабын тигізсе, онда ол өз кезегінде әлеуметтік қарым-қатынастарға да әсерін тигізеді. Әлеуметтік экология мәселесі осыдан келіп туындайды. Әлеуметтік кеңістікке адамдар игерген қоныстану тәсілдері мен түрлерін жүзеге асырған кеңістік жатады. Қазіргі кезде осы әлеуметтік кеңістік пен таза табиғи кеңістік арасында тепе-тендікті сақтау мәселесі социология ғылымының маңызды бір саласы болып отыр. Дүние жүзінің әр түрлі аймақтары мен елдерінде адам тығыздығы, шаруашылықтың мамандандырылу дәрежесі, экон.даму деңгейлері әркелкі. Көлік шаруашылығының дамуы мен қоныстардың көбеюі Ә.к-тің ұлғаюына апарары сөзсіз. Жеке адамның Ә.к-гі – жеке шаруашылық қожалығы,жұмыс орны, өз үйі немесе пәтері.