ӘКІМШІЛІК АКТ

ӘКІМШІЛІК АКТ, басқару актісі — белгілі бір құқықтық қарым-қатынастарды орнатуға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталатын мемлекеттік басқару актілерінің бір түрі. Әкімшілік акт басқару органдарының құрылымына лайықты жасалады, оның мазмұны орындаушыларға мәлім етіледі. Әкімшілік акт нақты, белгілі бір салаға билік жүргізіп, тікелей басшылық ету барысында құқықтық нормаларды жүзеге асыру тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол қолданыстағы заң қағидаларына сәйкес, басқару тәртібіне байланысты жасалады. Әкімшілік актлері айырмашылықтарына орай қаулы, өкім, шешім және бұйрық деп аталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *