ӘКЕ

ӘКЕ – туыстық атау, өзінен туған, немесе асырап алған баласы бар ер кісі. Ә.отбасының иесі, асыраушысы. Көшпелі тұрмысқа негізделген қоғамда әке құқы шексіз, өз шаңырағындағы билігі зор болды. Біреудің жасының үлкендігін, артықшылығын осы кезде де «әкеңдей кісі» деп теңестіреді. Қазақстанның кей өңірлерінде кіші адамды «әкем-көкем» деп еркелетеді. Әлде бір оқиғаға таң қалғанда да «әкем-ау!» — деген одағай сөздер ауызға ілінеді. Осының бәрі Ә-ні ұлы тұтқандықтың белгілері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *