ӘЗІРЕЙІЛ (арабша) — діни үғым бойынша қайтыс болар адамның жанын алушы, қаза періштесі. Бұл өте көне түсініктердің бір көрінісі, мәжусилік, бұтқа табынушылық замандарындағы наным қалдығы деуге болады. Әзірейіл исламға Мәсіхшілік арқылы келгендігі байқалады.Христиан дініндегі ең басты 4 періштенің — Жабраил, Микаил (Құранда: Жибрил, Микол), Азраил және Исрафил есімдері исламға да көшкен. Аталмыш періштелер Құранда “әл-мұқараббун” делінеді. Бұл Алланың бас періштелері деген ұғымды білдіреді. Олардың жеке-жеке өз міндеттері бар: Жибрил (Жәбірейіл) — хабаршы, Микол (Мәкәйіл) — дүлей күштердің иесі, Азраил (Әзірейіл) — жан алушы, Исрафил — ақырет күнінде керней шалушы.