ӘЗБЕРГЕН МҰҢАЙТПАСҰЛЫ

ӘЗБЕРГЕН МҰҢАЙТПАСҰЛЫ (туған-өлген жылы белгісіз) – би. Шекті тайпасының ішіндегі қазақ руының басшысы болған. Ресей отаршыларына қарсы шыққан Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліске Мұңайтпасұлы руымен келіп қосылды. Көтеріліс жеңіліске ұшыраған соң (1855), руын бастап Хиуа хандығының жеріне өтіп кетті. Ол мұнда да Хиуа бектерімен ұғыса алмады. Қоңыратқа келген орыс экспедициясына қолғабыс көрсетті. Бұл еңбегін ескеріп, Ресей үкіметі кешірім жасағаннан кейін Үстірттегі Есетеліне көшіп келді (1859).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *