ӘЖІК (Draba) — орамжапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 23 түрі бар. Олар Балқаш — Алакөл ойысы, Алтай, Жоңғар, Күнгей, Теріскей, Іле Алатаулары, Кетпен, Шу — Ілетауларының биік белдеулеріндегі тасты, тастақты жерлерде өседі. Ең көп тараған түрі — сопақжемісті Әжік (D. Қanceоlata). Оның биіктігі 6 — 40 см, сабағы бұтақты келеді. Тамыр жапырақтары шоғырлана өседі. Ақтүсті гүлдері шашақты гүлшоғырына топталған. Маусым — тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанда өсетін әжіктің 2 түрі — эндемик болып саналады. Оларға Жоңғар Алатауындаөсетін қисық Әжік (D. іncurvata) және Іле Алатауының мұздықтарына жақын жерлерде өсетін ұсақ жемісті Әжік (D. mіcrocarpella) жатады. Әжіктің көптеген түрі — сәндік өсімдіктер.