ӘБУ САЙИД АБД ӘЛ-ХАЙЯ ГАРДИЗИ, ГАРДИЗИ

 ӘБУ САЙИД АБД ӘЛ-ХАЙЯ ГАРДИЗИГАРДИЗИ, Әбу Сайид Абд әл-Хайя ибн әз-Заххак ибн Махмұд Гардизи (т.-ө.ж.б.) — 11 ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысы. «Зайн әл-хабар» (Баяндау көркі) атты шығарманың авторы.Кейбір деректерде ныспысына қарап Ауғанстанның Гардез қ-нан шыққан деп көрсетіледі. Ертедегі Иран шаһтарының, халифатарының, сондай-ақ Хорасанның, Үндістанның тарихы баяндалған бұл еңбегіндегі түркі тайпаларына арнаған тарауы Қазақстан тарихы үшін құнды дерек болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *