ӘБУСЕЙІТОВ ҚУАТ ӘШІРБЕКҰЛЫ (6 желтоқсан, 1925 жыл, Павлодар) — кинорежиссер, қазақ кино аудару өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1975).Алматы киноактерлер мектебін (1947) бітірген.Бүкілодақтық мемлекеттік кино институтын (1958, Г. Рошаль мен С. Юткевичтің шеберханасында) бітірген. Киноактерлер мектебінде оқи жүріп, Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының киноаударма бөлімінде жұмыс істеді. Осы кезден бастап киноаудару өнерінің техникалық, көркемдік сапасына назар аударып, Варяг крейсері”,Мәскеуде оқып жүргенде өзінің тұңғыш жұмысы — “Жас гвардия” фильмін қазақ тілінде сөйлетті. Содан бері 500 ден астам фильмді қазақша сөйлетті. Олардың ішінде “Автомобильден сақтаныңыз”, “Гамлет”, “Нақұрыс”, “Король Лир”, “Рүстем туралы аңыз” т.б. кинофильмдер бар.. Даладағы қайың” (1957),“Мазасыз көктем” (1958),“Дауыл” (1959), “өмір жолы” (1960), “Алматы көктемі” (1962), “Найзатас бөктерінде” (1969), “Ақын арманы” (1986 — 87, екі сериялы видеофильм; Д. Әбіловпен бірігіп сценарийін жазған) көркем фильмдерін, “Сераға” (1974), “Бәрі сен үшін” (1976, Е. Серкебаев жайлы),“Ғалым ауылында ” (1990, Сәтбаев жайлы), “Тер сіңген жер” (1991), “Жүсіпбек Аймауытов” (1992) деректі фильмдерді, көптеген хроникалық фильмдер түсірген. 1990 ж. “Айтуар” атты деректі фильмдер түсіретін студия ашты. «Сыр сандық» атты естеліктер кітабы жарық көрген.