АЯРЛЫҚ — адам мінезіндегі жағымсыз қасиет. Әр түрлі сұрқиялық, құбылмалы мінез ерекшеліктерін, сезім күйлерін білдіреді. Қулық пен сұмдық, зұлымдық пен айлакерлік т.б. жағымсыз мінез-құлықтың жиынтығы түріндегі А. адамның іс-әрекетінен, басқа адамдармен қарым-қатынасынан, сөйлеген сөзінен байқалады.