АЯПОВ  ӨСКЕНБАЙ АЯПҰЛЫ

АЯПОВ ӨСКЕНБАЙ АЯПҰЛЫ (15.9.1929 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы — 17.1.1983 жыл, Алматы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы (1973), профессор (1973), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1979). Қазақ Химия-технология институтын бітірген (1951).1951 — 1959 ж. Қазақстан ғылым академиясының Отқа төзімді және құрылыс материалдары институтында аспирант, кіші ғылыми қызметкер. 1959 — 75 ж. Алматы Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтында аға ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, зертхана меңгерушісі.1975 — 1983 ж. Металлургия және кен байыту институтында зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды.1976 — 1979 ж. Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрлігі қарамағындағы кәсіпорындардың өнім сапасын бағалау жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарды.Негізгі ғыл. жұмыстары тұтқыр материалдардың қатайғанда гидраттануын және құрылым түзілуін зерттеуге арналған.Домна және фосфор қоқыстарын пайдалану тәсілдерін тауып, құрылыста тездеткіш қосымшалар қолданудың өлшемдерін жасады; гипс кристалдануының және сілтілер байланысының құрылыс материалдары құрылымы мен қасиетіне тигізетін әсерін анықтады.30 авторлық куәлік алған.Аяпов және оның басқаруымен жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижелері республикамыздағы құрылыс материалдары өндірісі мекемелеріне кеңінен ендірілді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *