АЭРОВОКЗАЛ

АЭРОВОКЗАЛ(грек. aer – ауа және ағылшVauxhall – көңіл көтеретін орын) – әуе көлігі жолаушыларына қызмет көрсететін ғимарат, аэропорт кешенінің құрамдас бөлігі. Құрамына маңындағы алаң, перрон, тех. қызмет көрсету үйлері, борт тағамдарын дайындайтын цех, қонақүй, басқарушы-реттеуші орталық енеді. Кейде ішкі желі А-ы және халықаралық желі А-ы бөлек орналасады. А-да рейске билет сату және оны тіркеу, қол жүгін қабылдау және оны беру, ұшақтардың ұшуы және қонуы жөнінде ақпарат беру, сондай-ақ почта қызметі, тұрмыстық және мед. Қызмет көрсету, т.б. жұмыстар атқарылады. Халықар. Желі А-нда сонымен бірге, кедендік қызмет атқарылады. Пайдалану мақсатына қарай А.бөлмелері; жолаушылар бөлмелері (билет сату, тіркеу операциясы жүргізілетін залдар, күту және ұшаққа отырғызу залдары, сауда орындары, кафе және ресторан), қосымша бөлмелер (қол жүгі сақталатын бөлмелер, аналар мен балалар бөлмесі, почта т.б.). қызмет бабында пайдаланылатын бөлмелер (жүктерді тасымалдауға арналған дәліздер, құрал-жабдықтар бөлмелері, т.б.) сияқты 3 топқа бөлінеді. А-дың мөлшері сол аэропорттан ұшатын жолаушылар санына байланысты болады. Ірі қалаларда аэропорт жанындағы А-дың жұмысын жеңілдету үшін қала ішінде қалалық А. салынады. Алғашқы А-дар 1922-23 ж-дары Бат.Еуропа елдерінде (Париждегі ле-Бурже, Берлиндегі Темпельхоф) салынды. Қазақстанда қалалық А. Алматы, Қарағанды қ-ларында бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *