АЩЫСУ – Алматы облысының Жамбыл,Қаскелең аудандары арқылы ағатын өзен. Ұзындығы 93 км, су жиналатын алабы 1070 км2. Іле Алатауының солтүстік баурайындағы бастау алып, Көлбұлақ ауылының солтүстігінде суы сарқылып қалады. Жоғары ағысында өзен тік беткейлі тар арнамен ағады, ал төменгі ағысындағы арнасы жазық келеді. Негізінен, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Өзен аңғары мал жайылымына пайдаланылады.