АЩЫСАЙ ҮҢГІРІ – Түркістан облысы Созақ аудында, Ащысай кенті маңында орналасқан. Үңгір карст типіне жатады. Қаратау беткейінің әктасты қабатында жер асты суының жебір әрекетінен пайда болған. Ұзындығы 30 м, ені мен биікт. 3 м-дей. Қабырғаларында әктастың еруі нәтижесінде әр түрлі ою-өрнекті бейнелер қалыптасып қатып қалған. Табанында түрлі пішінді карбонат үйінділері кездеседі.