АЩЫБҰЛАҚ – Алматы обл-ның Іле ауд-ндағы ауыл. А.ауылдық әкімш.округінің орталығы. Энергетический кентінің батысында 8 км жерде орналасқан. Тұрғыны 8,1 мың адам.(1997). А.тау етегінің қуаң агроклиматтық белдемінде жатыр. А-та орта мектептер, клуб, кинотеатр, аурухана, емхана, т.б. мәдени және денсаулық сақтау орындары бар. Ауыл тұрғындары Энергетический кентімен, басқа елді мекендермен автомоб.жолы арқылы қатынасады.