АШХАБАД (түрікм. Aşgabat)- Түрікменстандағы қала, 1924 жылдың қазанынан бастап елдің елордасы. Копетдақ тауының етегінде орналасқан, халық саны — 941 221 адам.»Ақ мәрмәрлы елорда» — түрікмендер өз елордаларын осылай дәріптейді. Копетдақ тауының етегіндегі Ахал алқабы мен Қарақұм шөлінің шетінде, теңіз деңгейінен 214-240 м биіктікте орналасқан.