АШИНА СУЙЦЗЫ (7 ғасыр) — Батыс түрік қағандығының Таң патшалығына бағынған Куньлин басқақтығының ең соңғы басқағы (694 — 700). Ашина Мижелінің немересі. Оның әкесі Юань-Кин Таң патшалығы тәжінің қуғынға ұшыраған мұрагерімен байланысы бар деген айыппен өлтірілді (693 ж.). Ашина Суйцзы тибеттіктермен байланыс жасап, Таң билеушілеріне қарсы көтеріліс ұйымдастырды (694 ж.). Бірақ онысы тез жанышталып тасталды. Түргештердің күшеюіне байланысты оның иелігіндегі жерлер Түргеш қағандығының қол астына қарады.