АХСАН АТ-ТАУАРИХ» («ТАРИХТАРДЫҢ ТАНДАУЛЫСЫ

«АХСАН АТ-ТАУАРИХ» («ТАРИХТАРДЫҢ ТАНДАУЛЫСЫ») — Хасан бек Румлудың тарихи шығармасы. Парсы тілінде жазылған 12 томдық бұл еңбектің тек соңғы екі томы ғана сақталған. Еңбектің 11 томын Науаи 1970 жылы Иранда, ал қысқартылған 12-томын Ч.Седлом ағылшын тілінде Үндістанда бастырып шығарды. 12-томында қазақ тарихы жөнінде құнды деректер бар. Бұрындық, Қасым, Ақназар хандар, Мұхаммед Шайбани ханның қазақтарға жорығы (1510) туралы мәліметтер келтірілген. Шығарманың 16 ғ-дың 2-жартысындағы саяси жағдайларды пайымдауы үшін пайдасы зор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *