АХМЕТ ХАМДИ ТАНПЫНАР (1901, Стамбұл — 1962, сонда) — түрік Жазушысы, ақын, әдебиет зерттеуші. Анадолыдағы Сұлтани лицейін (1918), Стамбұл университетін бітірген (1923). Алғашында әртүрлі лицейлерде, Анкара, Гази білім ин-ттарында өнер академиясында әдебиет , өнер тарихы, эстет. және мифол. пәндерінен сабақ берді. Стамбұл университетінде профессоры (1939), Ұлттық білім министрлігінде инспектор қызметтерін атқарған (1946). 1942 жылы Түркияның Ұлттық мәжілісі депутаты болып сайланды. Ахмет Хамди Танпынар жаңа түрік әдебиет інің поэзия, проза, әдебиет тарихын зерттеу саласында көп еңбек етті. Ол әдебиет тің барлық жанрларында мол мұра қалдырды. Көркем шығармаларында бүкіл адамзат дүниесін жеке адамның қайғысы мен қуанышын сипаттау арқылы ашады. Ахметның “Абдуллах әпендінің түстері” (1949), “Жаз жаңбыры” (1955) әңгімелер жинағы, “Құзыр” (1961), “Сахна сыртындағылар” (1973) романдары, “Өлеңдер” (1961), “Толық топтама жырлары” (1971) т.б. поэзиялық шығармалары, “19 ғасырдағы Түрік әдебиет і тарихы” (1949), “Иахия Кемал” (1962) т.б. зерттеу еңбектері, “Ахмет Хамди Танпынардың хаттары” (1974) жеке кітап болып жарық көрген. Ахмет Хамди Танпынар — жаңа түрік әдебиет інің дамуына, оның зерттелуіне зор ықпал жасаған.