АХМЕТОВА АЛМА 

АХМЕТОВА АЛМА (20.12.1920 жылы туған, Қостанай облысы Жангелдин ауданы 

2-ауылы)-  актриса, Қазақстанның халық артисі (1975).Алматы театр училищесін бітірген (1939). Училище бітірердегі дипломдық спектакльде Шиллердің “Зұлымдық пен махаббатындғыа” Луизаның рөлін ойнады. Атырау облысы драма театрындағы тұңғыш рөлі — М.Әуезовтің “Айман — Шолпанындағы” Шолпан. Ол бұдан кейін осы театр сахнасында Ұлжан, Маржан, Көклан (М.Әуезовтің “Абай”, “Қарагөз”, “Қарақыпшақ Қобыландысында”), Любовь Яровая (К.Треневтің осы атты спектаклінде), Таңқабике (М.Кәрімнің “Ай тұтылған түнінде”), Толғанай (Ш.Айтматовтың “Ана — Жер Анасында”), Лээна Туйск (Э.Раннеттің “Адасқан ұлында”) сияқты рөлдерді сомдады. Сондай-ақ, Мақпал (Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлуында”), Лабрина (А.Парнистің “Афродита аралында”), Ана (А.Жағанованың “Жаналқымында”), Ана (Б.Қорқытовтың “Боздағын күткен бейбақтарында”), Әңке (З.Ақышевтің “Жаяу Мұсасында”) т.б. рөлдерде А. өзінің хас шебер актриса екенін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *