АХМЕДЬЯРОВ Қаршымбай

АХМЕДЬЯРОВ Қаршымбай (25.3.1946 ж.т., Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылы) – күйші, домбырашы. Қазақстанның халық әртісі (1991).  1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Ахмедьяровтың репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ шетел композиторларының шығармалары бар. 1974 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогтық қызметпен шұғылданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады.» «Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз-ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя», т.б. күйлері бар. Сонымен қатар, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сында атақты күйшілердің күйлерін жинап, «Атырау» деген күйлер жинағын жарыққа шығарды. «Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500-ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы.Қаршыға Ахмедьяров гастрольдік сапармен АҚШ, Франция, Италия, Үндістан, Венгрия,Югославия, Куба, Финляндия, Ангола, Португалия  т.б. көптеген елдерде болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *