АХМЕДОВ  ҒАЛЫМ ХАКІМҰЛЫ

АХМЕДОВ  ҒАЛЫМ ХАКІМҰЛЫ ( (25.12.1906 жылы, Ақтөбе облысы Алға ауданы 1-май ауылы-2002) — жазушы, аудармашы.1925 жылы Орынбордағы Халық ағарту институтынын бітірген. 1926 — 1932 жылы Ақтөбе, Жамбыл облыстарында кәсіподақ, шаруашылық қызметтерін атқарды. Қазақстан Комунистик Партияның Округтік Кеңестің нұсқаушысы (1938), Жамбыл қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы (1938) болды. 1944 жылы Қазақ мемлекеттік біріккен баспасының Бас редакторы, 1950 жылы көркем әдебиет (қазіргі “Жазушы”) баспасының директоры болып тағайындалып, әдебиетімізді өркендетуге белсене ат салысты. Ахмедов шығармашылық жолын аудармашы ретінде бастаған.Б. Горбатовтың “Бағынбағандар” повесін (1947),Т. Семушкиннің “Аласталған Алитет” (1950),И. Тургеневтің “Соны сүрлеу” (1959), “Түтін” (1966),М.Бубенновтың “Қыран ұшқан құла тұз” (1962),К.Фединнің “Алау” (1969) романдарын,Ю.Смуулдың “Мұз кітабын” (1977),Л.Толстой, А.Чехов әңгімелерін аударған. Ахмедов кейін төл туындылар жазуға ден қойып, өнімді еңбек етті. Қазан төңкерісінен соңғы Қазақстандағы қоғам өмірінде болған оқиғалар мен ақтаңдық кезең туралы «Жорық жылдары» (1977),«Жем бойында» романдары, «Ескі достар» әңгімелер кітабы, «Алаш-Алаш болғанда» естеліктері (1996) т. б. жарық көрді. Бұл туындылары нақты деректілігі мен автордың өзі куә болған тарихи оқиғаларды шынайы баяндауымен құнды. А. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *