АХМЕДОВ АБДУЛЛА РАМАЗАНҰЛЫ (1924 ж.т.) – түрікмен сәулетшісі. 1948 — 1953 жылы Баку политехникалық институтынында В.Саркисов пен М.Үсейіновтің шеберханасында, архитектура бөлімшесінде оқыған. 1959 жылы Түрікмения Ашғабад қ-ның бас сәулетшісі. А.жұмыстарының көрнектілері ретінде «Ашғабат» қонақүйін (1967), орталық алаң ансамблін, Түрікменстан кітапханасы үйін (КСРО Мемл. Сыйл. 1970) айтуға болады.