АХЕЙЛІКТЕР

АХЕЙЛІКТЕР- тарихы біздің заманымыздан бұрын 1900 жылдан басталатын ежелгі грек тайпасы. Ахейліктер Фессалияның солтүстік-батысын, Пелопоннестің таулық жағалауын мекендеген. Ахейліктер иоництер құрған 12 қаланың одағына кірген. Геликондағы Посейдон храмы негізгі орталығы болған. Гректердің құрлықтағы жерін жаулап алуға қатысқан. Біздің заманымыздан бұрын 419 жылы спартандықтарды жеңді. Гомер поэмаларында бүкіл гректерді Ахейліктер деп атаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *