АФРИКА – аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба,
Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-Поаралдары орналасқан. Тектоник. жарықтар жүйесі Шығы Африка грабені деген атпен белгілі. Ол Қызыл т.табанынан басталып, А-ның шығысын бойлай 6500 км-ге созылып жатыр.
Жер бедері.Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады. Бұл таулардың беті өте жиі тілімденген, бір-бірінен терең аңғарлармен бөлінген. Кейбір бөліктерінің бетін қалың базальтты шөгінділер жапқан. А-ның оңт.-шығысында құрлықтан бөлінген. Мадагаскар аралы орналасқан.
Геологиясы және кен байлықтары. Жер бедерінің біртекте болып келуі Африканың геол. және тектоник. құрылымының қарапайым болуымен байланысты. Құрлық түгелге жуық ежелгі гондваналық платформадан тұрады. Платформа іргетаын құрайтын қатты метаморфтанған жыныстардың абс. жасы 3 млрд. жылдан асады. Олар Туарег, Регибат, Орт.А., Арабия-Нубия, Шығы А., Оңт А., Мадагаскар қалқандары түрінде жер бетіне шығып жатыр. Аралығында Тиндиф, Сенегал, Тауденни, Ливи – Египет, Чад Конго, Төм. Және Жоғ. Ніл, Окованго, Калахари, Карру синеклизалары орналасқан. Олардың бетін протерезеойдан бастап жиналған теңіздік және құрлықтық шөгінді жыныстар жапқан. Мезозойда Гондвана құрлығының бөлінуіне байланысты Африка – Араби платформасы солт.-шығыс бағытта жылжып, кайнозойда өте үлкен құрлық массиві – Еуразия литосфералық плитасымен оқтығысқан. Соның нәтижесінде Араби платформасы А-дан бөлініп, Қызыл т.табаны ашылған. А-ның бүкіл шығыс бөлігін бойлап өтетін терең тектоник. Шығыс А.грабені пайда болған. Әлі күнге сөнбеген Килиманджаро, Кения, Меру жанартаулары осы грабен бойында орналасқан. Жерорта т. Табанындағы тау түзілу процестері әсерінен Атлас тауының Антиатлас, ТельАтлас, ар-Риф жоталары көтерілді.
А.жері қазбай байлықтарға өте бай, әсіресе минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған.
Климаты. Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 350 – 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +580С 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климатбелдеулеріне бөлінеді.
Ішкі сулары. Құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері – Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж. Нілдің су алабының кеңдігі соншалық. ол бүкіл Африка құрлығының оннан бір бөлігін торлап жатыр. Ніл Руанда мен Эфиопияаның таулы аймақтарынан бастау алып, оңтүстіктен солтүстікке қарай қарай ағады. Оранж өзенінің төменгі бөлігі Калахари мен Намибия шөлдері арқылы ағады. Өзеннің сағасында өте бай гауһар кені бар. Асау Нигер өзені Батыс Африканың бес мемлекетінің қалқы үшін азық пен су көзі болып отыр. Африканың жиырмадан астам тайпасы тіршілігін Нигермен байланыстырып, осы өзенге үміт артады. Заир ( Конго) өзені ұзындығы жағынан әлемде бесінші орында. Ал қара құрлықта солтүстік шығыс Африкадағы Нілден кейін екінші орында. Замбези — Африканың Ніл, Заир, Нигер өзендерінен кейінгі төртінші өзен жүйесі. Ол Орталық Африкадан Үнді мұхитына қарай алты мемлекеттің жерінен ағып өтеді. Лимпопо өзені Ботсванадан бастау алады. Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад.
Топырағы. Африканың тропикалық аралық жерлерінде топырақ латерриттік процесспен құралған. Оның ылғалды, мәнгі жасыл ормандары — экваторлық бөлігі құнарлы қызыл-сары латерит топырақты жерлер. Өзендер баяу ағаиын Конго ойыс батыс бөлігінің топырағы латерит-глей топырақ және тропиктік батпақты топырақ. Жапырағын түсіретін мәнгі жасыл аралас ормандар мен ылғалды саванналарда қызыл топырақ, құрғақ саванна шөлейтте қызыл қоңыр жцне карбонатты қызғылт топырақ пайда болды. Суданның қазан шұңқырлары мен Шығыс және Оңтүстік Африка — негізінен гидроморфты қара топырақтық және тропиктік батпақ топырақты жерлер. Шығыс Африканың оңтүстігі мен Оңтүстік Африка әжептәуір қызыл қошқыл топырақты келеді. Оазистерге шалғын-сор және сор топырақ тән. Африканың жерортатеңіздік климатты, субтропиктік белдеуіндегі карбонатты, гипсты қошқыл топырақ, неғұрлым қуаң аудандарда сұр қошқыл топырақ шөлейт пен шөлде сұр топырақ кездеседі.
Өсімдігі. Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар(биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны.
Жануарлары. Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетін сүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр, адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскараралығындағы лемурды атауға болады. Құрлықтың жануарлар дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қамашаулар құрылған. Ірі ұлттық саябақтарға Рувензори, Кения, Серенгети, Вирунга,
Цаво, Кафуэ, Калахари-Хемсбок, Крюгер, Намиб жатады.
Зерттелуі. Африка туралы мәлімет өте ерте кезден-ақ белгілі болған, әсіресе, оның жерортатеңіздік жағалауындағы ірі мемлекеттер туралы деректер көп. Египет перғауынында қызметте жүрген финикиялықтар біздің заманымыздан бұрынғы 600 жылы шамасында бүкіл құрлықты айнала жүзіп шыққан. 14 ғасырдамарокколық араб Әбу Абдаллах ибн-Баттута қазіргі Сомали мемлекеті аймағын, кейіннен Мали мен Тимбукту
жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. Құрлықты біздің заманымызда ең алғаш рет Үндістанға баратын қысқа жол іздеу мақсатында Васко да Гама (1497 – 1498) басқарған португал экспедициясы айналып шыққан, бірақ құрлықтың ішкі бөлігіне ешкім тереңдеп енбеген. Тек 19 ғасырдағы отаршылық науқаны кезінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олардың ішінде ағылшын саяхатшысы Давид Ливингстонның 1840 – 1870 жылдары және орыс саяхатшысы Василий Юнкердің 1876 – 1896 жылдарызерттеулерін атауға болады.
Саяси бөлінісі. Африканың қазіргі саяси картасында 55 мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия (Марокко, Лесото, Эсватини), Намибиядафедерациялық республика, ал қалғандарында республикалық мемлекеттік құрылым орныққан. Африка елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың бір жақты мамандануы, яғни экспортқа бағытталған шикізат немесе азық-түлік өндіру сақталған. 80-жылдары А-ның кейбір елдерінің әлеум.-экон. Жағдайы ерекше нашарлап, терең дағдарысқа ұшырады. Бұл жағдай әлі де жалғасуда.