АФРИКА–АНТАРКТИДА СУ АСТЫ ЖОТАСЫ

АФРИКА–АНТАРКТИДА СУ АСТЫ ЖОТАСЫ — Атлант және Үнді мұхиттарыныңжалғасқан бөлігінде Африка мен Антарктида құрлықтары аралығында, батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3000 км шамасында созылып жатқан су асты тау тізбегі. Жота оңтүстік Атлант су асты жотасының жалғасы болып табылады. Ендік бағытта Гринвич меридианынан басталып, 350 шығыс бойлық шамасында солтүстік-шығыс бағытта бұрылып, Батыс Үнді су асты жотасына ұласады. Жотаның батыстағы басталар бөлігінде Буве, ал Батыс Үнді жотасына жалғасар бөлігінде Принс Эдуард, Марион-Айленд ар-дары су бетіне шығып жатыр. Жотаның солт-батысында, шамамен 90 шығыс бойлық тұсына (Метеор тауы, 560 м) орналасқан. Түпкі шөгінділері диатомды лай мен жанартаулық қызыл саздан тұрады. Солтүстігінде Агульяс, оңтүстігінде Африка — Антарктика қазаншұңқыры орналасқан. Жота мұхиттық жер қыртысының рифтілік түріне жатады. Оның көлденең тектоник. жарықтары көп және су астындағы жанартаулары әлі сөнбеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *