АУ – 1) балық аулайтын үлкенді-кішілі тор. Жіңішке, жібек жіптен, капроннан тоқылады. Түрлері: сүзгі, құрма, қалта. Біріншісінің ортасы сүйретілген ұзын сүргі етіп тоқылады да төрт бұрышына тағылған арқан арқылы аудағы балық сүзіліп алынады. Екіншісі жалпақ тоқылып суға кесе-көлденең керіледі. Одан өтпек болған балық желбезегінн тор көздеріне кептеліп, оралып қалады. Үшіншісі — балық бір кірсе, қайтып шыға алмайтын тор қалта. Бұл түнге қарай құрылады; 2) шалбар тәріздес киімдердің қосбалағының түйіскен жері; 3) көңіл-кйін білдіретін одағай.