АУЫЛ

«АУЫЛ» — Қостанайда шыққан (1923 ж. 1 қыркүйек) губерниялық газет. Алғашқы шығарушылары — М. Сералин, Б. Майлин. Газеттің негізгі міндеті ауылды кеңестендіру, шаруаларды өкімет басқару ісіне қатыстыру, жұмысшы-шаруа одағын күшейту, комм. партия саясатын, оның қаулы-қарарларын ауылға жеткізу болды. 1928 — 30 ж. “А.” округтік газет ретінде шықты. Округ ауданға айналған соң, “Колхоз жолында”, 1932 жылдан “Социалды еңбек” болып аталды. Қазақстан ОАК-тінің 1935 ж. 29 шілдедегі қаулысына орай Қостанай облысы құрылғаннан бастап облыстың баспасөз органы ретінде “Сталин жолы” деген атпен шығарылды. 1936 ж. “Большевиктік жол” аталды. Кейін “Коммунизм таңы” деген атпен шығып тұрды. Қазір облысы газет “Қостанай таңы” деп аталады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *