АУЫЛДЫҢ АЛТЫ АУЫЗЫ

АУЫЛДЫҢ АЛТЫ АУЫЗЫ — дәстүрлі қазақ қоғамында үйге келген қонақты қолқалап, “қонақкәде” айтқызудан бұрын ауыл адамдарының, үй иелерінің өздері айтып беретін өлең-жыры. Қонақ тамақ ішіп, тынығып болған соң ауыл адамдары ауылдың алты ауызы айтып, қонақтың көңілін көтеруге тырысқан да, кезекті қонаққа беретін болған. Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы немесе ертек айтып, “қонақкәдесін” жасауы шарт болған. Кәде орындалған соң ән айту үлесі өнерпаздарға тиіп, отырыс ойын-сауыққа ұласып отырған. Қазіргі кезде негізінен ауылдық жерлерде сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *