АУШАДИЯР

АУШАДИЯР – ауыз әдебиетінің тұрмыс-салт жырларына жақын, қаіргі кезде ұытылған көне үлгісі. Кейбір нұсқалары 20 ғ-дың 80-жылдарынан бастап қана баспа беттерін көре бастады. А. насихат, ғибра айтуға негіделген. Ақыл-насихат айту арқылы айтушы өзінің ақындық нанымын да, сат-дәстүден қаншадықты хабардар екенін де танытады. Сондықтан көлемі айтушының қарым-қабілеті мен көңіл ауанына қарай өзгеріп отырады. Жырда бірден бастап 25-ке, 50-ге дейін санап отырып, насиха айтылады (100-ге дейін жетуі де мүмкін). «Бақтиярдың қырық бұтағының» бірі – «Ақылды Ақым» қиссасындағы («Қазақ қиссалары», 1 том, 1985 ж., Пекин) мағлұматқа қарағанда, А.- өте ерте пайда болған жырлар жанры. «Қан болған алты арысты Азат-Бақыт, Талай жыл сонан бері өтті уақыт» деп басталатын дастанда Азат-бақыттан ақтияр, одан Алтай, Аушадияр туады. Алтай батыр болып, Алтай тауы соның атында қалған. Аушадияр аса әділ патша болған, халық жиын-тойды, мерекелерді соған арнаған өлеңмен ашуды дәстүрге айналдырылған. Алғаш 100 шумақ мадақ айтқан ақын Есенгелді дейді.

Тағы бір нұсқада:

«аушадияр хан екен,

Халқына сыйлы жан екен

Әу, бисмилла, бір десем –

Жаратқан жалғыз Хан екен

Қисапсыз тірлік болмаған,

Бұл да бір үлкен мән екен.

Ғалам саны жалғанда

Он сегіз мыңға дәл екен.

Екі десек, мысалға,

Егіз туған  бала екен.

Құдай қосып, отасқан

Ерлі-зайып жан екен.

Жүзге дейін сан екен»…- деген анықтама айтылады. А. есімі шумақтың алғашқы жолында қайталанып отырады да онан әрі ақыл, өсиет, тағылымды сөздер айтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *