АУМАҚТЫҚ СУЛАР

АУМАҚТЫҚ СУЛАР – белгілі бір мемлекет иелігіне енетін, сол мемлекет аумағының бір бөлігі болып табылатын теңіз айдыны. А. с. жағалаудан 3 – 12 мильдік (бір теңіздік мильдің ұзындығы 1850 м) қашықтықтағы су айдынын қамтиды. А. с-ды пайдалану тәртібі сол мемлекеттің заңдары мен БҰҰ-ның 1982 ж. қабылдаған теңіз құқығы жөніндегі конвенциясы негізінде реттеледі. А. с. мемлекет жерінің жалғасы болып саналады. Дүние жүзінің барлық мемлекеттерінің теңіз кемелеріне А. с. жөніндегі халықар. келісімдерді және теңіз (көл), мұхитжағалауында орналасқан мемлекеттердің А. с. жөніндегі бекіткен заңдарын сақтай отырып, А. с. айдынын жүзіп өту құқығы берілген. Ал соғыс кемелері А. с-дан жүзіп өтуі үшін сол мемлекеттің рұқсатын алуға немесе оларды хабардар етуге міндетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *