АТЫРАУ УНИВЕСИТЕТІ

  АТЫРАУ УНИВЕСИТЕТІ — Институт негізі 1950 ж. тамыз айында мұғалімдер институты ретінде қаланды. Ол 1955 ж. Атырау педагогика институты деген атпен қайта құрылды да осы атауымен 1994 жылға дейін жұмыс істеді. Сол жылы 24 маусымда Қазақстан Мин. Кеңесінің қаулысымен Атырау педагогика мнституты Атырау аймақтық университетіне айналды. ҚР Үкіметінің 1994 ж. қаулысымен бұрынғы Гурьев педагогикалық институты (1950 — 55 ж-дар аралығында Гурьев мұғалімдер даярлау институты негізінде құрылған. 1996 ж. университетінің құрамына Атырау мұнай және газ институты қосылды. Университеттің: физика-математика, филология, жаратылыстану-география, экономика, педагогика, тарих, мұнай, инженерлі-механика, музыка, технология, инженерлі-экономика және сырттай оқу факультеттері бар. Оларда 34 мамандық бойынша 7937 студент оқиды, (4542-сі күндізгі, ал 3395-і сырттай оқу бөлімдерінде). 43 кафедрада 560 оқытушы жұмыс істейді, оның 20-сы ғылым докторы, өздерін-өздері толық қаржыландыру (коммерциялық) топтарында 3222 студент оқиды. Университетте — Ресей, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан т.б. шет елдерден 50-ден астам студент білім алады. КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ә. Тұяқов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Фариза Оңғарсынова, т.б. осы университеттің түлектері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *