АСЫ-ТҮРГЕН ОБСЕРВАТОРИЯСЫ 

АСЫ-ТҮРГЕН ОБСЕРВАТОРИЯСЫ — Іле АлатауындағыАсы мен Түрген өзендері су айрығы маңындағы теңіз деңгейінен 2700 м биік жота үстіне салынған Қазақстан ҒМ ҒА Астрофизика институтының обсерваториясы. Ол Алматыдан күн шығысқа қарай 100 км қашықта. Мұнара-күмбезге Германияда жасалған, айнасының диам. 1 м рефлектор орнатылған. Ол арқылы Күн мен Ай, Күн жүйесіндегікіші планеталар мен метеорлық заттар, жасанды аспан денелері, галактикалардың құрылымдары мен динамикасы, жұлдызаралық орта, жарық және көмескі диффузиялық тұмандықтар мен оларға қатысты жұлдыздар т.б. зерттеледі. Обсерваторияда онға жуық ғылым докторлары, отыздан аса ғылым кандидаттары ғылым-зерттеу жұмыстарын жұргізеді. Асы-түрген обсерваториясы Қазақстандағы әзірге ең ірі, бақылау құралдары автоматтандырылған астрон. зерттеу орны болып табылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *