АТ ОМЫРАУЛАСТЫРУ-ұлттық ойын. Көгалда немесе борпылдақ жұмсақ жерде өткізіледі. Ойынға екі адам шығады, жалпы ойнаушылар саны шектелмейді. Он шаршы метрдей ашылған шеңбердің ішінен аттарымен бірін-бірі итеріп шығаруы керек. Қайсысының атаның екі аяғы шеңбер сызығының сыртында қалса, сол ойыншы ұтылған болып есептеледі. Ойынға сайланып шыққан жігіттердің бәрі қатысады. Қолдарында ештеңе болмауы, ат үстінде біріне-бірі қол тигізбеулері, тек аттардың ғана күш сынасуға қосылулары керек.