АТЫРАУ – қала (1662), облыс орталығы (15.1.1938). Каспий т-нің солт-не қарай 30 км жерде, Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан. Су,темір жол, әуе көліктері А-ды еліміздің көптеген қалаларымен, автомоб.жолдары облыстың елді мекендерімен, басқа қалалармен байланыстырады. Тұрғыны 1897 ж. 9,3 мың, 1923 ж. 12,5 мың, 1939 ж. 41,5 мың, 1971 ж. 114 мың, 1998 ж. 145 мың адам болды. Қазақстандағы байырғы қ-ның бірі. Капий т-нің тартылып кеткен табанына салынған (1580). Кейін мұнда ел қоныстанып, балық және мал ш-мен айналысқан. 1640 ж. патша үкіметі ағайынды Гурьевтерг қалашық салуға рұқсат ееді. Қала үлкен қиындықтармен 1662 ж. салынып бітеді де патша жарлығымен Гурьев аталады. Жергілікті қазақтар оны Үйшік деген. 1865 ж. уездік қала болды. 1917 жылға дейін және оданкейінгі 15 жыл бойы Орал әскери обл-ның, 1925 жылдан Бөкей губ-ндағы Гурьев уезінің, 1929 ж. Гурьев окр-ның, 1930 ж. аудан, 1938 жылғы қаңтар айының 15-нен облыс орталығы. 1992 ж. ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы гурьев обл-н Атырау обл., Гурьев қ-н Атырау қ.деп атау жөнінде қаулы қабылдады. Қала елеулі тарихи, саяси оқиғалардың орталығы болды. 1916 ж. Гурьев уезіндегі Өтепқали Исатаев бастаған толқу Қазан төңкерісіне ұласты. Азамат соғысы кезінде шетелдіктер мен ақ қазақтар қаланы өзінің тірек базасы ретінде пайдаланады.
Қала өнеркәсібінің басты саласы – мұнай мен химия өндірісі. Мұнай айыру, полиэтилен, машина жасау, меалл өңдеу, кеме жөндеу, балық құтылау, басқа да тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Мұнда мұнай өнеркәсібінің жобалау ин-ты, мұнай және табиғи тұздар ғыл. –зерт. Ин-ты, ун-т, драма театры, филармония, орта арнаулы оқу орындары, жалпы білім беретін, муз., спорт мектептері, мұнай айыру зауытының мәдениет
үйі, кітапханалар, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі, қонақүйлер, балабақшалар, медициналық мекемелер жұмыс істейді.