АТСУЫТҚАН ТАС МҮСІНІ

АТСУЫТҚАН ТАС МҮСІНІ — Қарағанды облысы Шет ауданыАтсуытқан тауының шығыс жағындағы шаршы қоршау ішіндегі тас мүсін. 1982 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Қоршау көлемі 3×3 м. Әр қабырғасы 3 м, қақпа тастарды тігінен көміп құраған. Қоршау ішін тастармен толтырған. Арнайы әкелінген ақ шақпақ тастар кездеседі. Мүсін жасаған тастың биіктігі 1,7 м, жоғарғы жағы жалпақтау. Тастан жоғарғы 0,5 м бөлігінде адамның бейнесі бедерленген. Қалың қабағы, үлкен бадырақ көзі, мұрны, ұзын мұрты мен жалпақ, ұзын сақалы бейнеленген. Мүсіннің бейнелеу тәсілі,қоршау құрылысы оның 6 — 7ғасырда жасалғанын көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *